Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты жобалар туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Әлия Назарбаеваның төрағалығымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің І отырысы өтті.




«Жасыл ел» - бұл жастарды маусымдық жұмыспен қамту, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру және көркейту, экологиялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру мәселелерімен айналысатын қозғалыс. «Жасыл ел» елді көгалдандырумен айналысатын жоба. Осы ретте ел жастарын жасыл кеңістіктер құруға тарта алдық. Менің ойымша, бұл - маңызды аспект. Өйткені, ол еліміздің көркеюіне ғана емес, сонымен қатар ауа сапасының жақсаруына да септігін тигізуде, - деп айтты ол. 


Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлия Назарбаева атап өткендей, Мемлекет басшысы алдағы 5 жылда шамамен 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырды. 





Жасылелдіктер тиісті қауымдастықтармен бірлесіп, осындай акциялардың амбассадоры болады деп сенемін. Жақында ғана Израильде ұлттық қауымдастық акция аясында ел аймағында 250 млн-нан аса ағаш отырғаны туралы оқыдым. Осы жоба маған қатты ұнады. Біз де «Қазақстан үшін егілген ағаштар» жобасын іске қосқан болатынбыз. Бұл жобаға көгалдандыру мәселесіне бейжай қарамайтын кез келген азамат қатысып, өз үлесін қосуға мүмкіндігі бар, - деп айтты Әлия Назарбаева отырыста. 



Оның айтуынша, платформа аясында бірнеше жоба іске асырылып келеді. 2019 жылдан бері қор «Қазақстан ұстазы» ұлттық сыйлығын тағайындады. 


Сондай-ақ оның жеңімпазының құрметіне Нұр-Сұлтандағы «Ustaz Alany» аллеясында ағаш отырғызылады. Одан бөлек, азаматтар пандемия кезінде алдыңғы шепте күрескен дәрігерлердің құрметіне «Медицина қызметкерлері саябағы» жобасына қолдау көрсетіп, көшет отырғыза алады, - деп атап өтті ол. 



Назарбаева қазіргі күні көгалдандыру бойынша бастамаларды қолдап жүрген «Жасыл ел» жобасы жастарының, жалпы азаматтардың әрекеттері қуантатынын жеткізді. 


Кеңеске Парламент Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, табиғат қорғау ұйымдары мен қауымдастықтардың, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. 



Естеріңізге сала кетейік, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары 2005 жылы Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Яғни кеңес жүктелген міндеттерді шешу және қызметтің тиімді өсуі мақсатында 16 жыл бұрын құрылды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы