Әлішер Ерғали Олимпиада жүлдесіне таласады

Әлішер Ерғали Олимпиада жүлдесіне таласады, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) пен Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы және 2 мәрте күміс жүлдегері Кайл Снайдер (АҚШ) күш сынасты.

Аса тартысты өткен белдесуде Бахрейн палуаны қарсыласын сенімді жықты. Есеп: 6-4.

Енді ертең отандасымыз Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуіне қатысып, қола жүлдеге таласады. Әуелі ирандық Әли Әмір Азарпирамен күреседі. Ал қола медаль жолында Кайл Снайдерге қарсылас болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі/Сали Сабиров
Өзгелердің жаңалығы