18 Сәуір 2021 2021, 02:35
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
97 келі салмақ дәрежесінде ол финалда ирандық Али Халил Шабанибенгармен кездесті. Екеуара кездесу 12:2 есебімен қарсыластың еншісіне шешілді.
Аталған салмақ дәрежесінде жапониялық Такаши Ишигуро мен үндістандық Сатуарт Кадиан қола жүлдені өзара бөлісті.