«Әліппе» қандай әліпби бойынша оқытылады? – БҒМ жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан онлайн брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.
Келесі жылдан бастап оқытылатын «Әліппе» қай әліпби бойынша оқытылатыны туралы сауалға жауап берді.
Біздің алдымызда тұрған мақсат – бұл әліппемізді ертерек оқу бағдарламасына кіргізу. Латын әліппесі бойынша тиісті шешім қабылданғанын білесіздер. Бірақ осы шешімге сәйкес латын әліпбиіне көшу кезек-кезеңімен өтеді. Ал біз келесі жылдан бастап әліппені оқуды бастауымыз керек. Келесі жылы енгізілетін әліппе крилл әліпбиінде болады. Кейін мектептерде кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу мәселесі басталғанда, онда әрине біз мұны латын әліпбиіне көшіріп, жұмысты жүргізетін боламыз, - деп жауап берді министр журналист сауалына.
Сондай-ақ, білім басшысы бұл өте қиын шаруа емес екенін, бастысы оқу бағдарламасы мен оқулықтардың мазмұны екенін айтты.
Айта кетейік, министр ОКҚ-да «Әліппе» мен «Ана тілі» мектеп бағдарламасына ресми түрде енгені туралы айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы