Алина Дауранова қола медаль жеңіп алды
Елордалық Алина Дауранова конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
500 метр қашықтыққа жүгіруден жерлесіміз 39.10 секунд уақытымен үшінші орынға тұрақтады. Алтын жүлдені итальяндық Серена Пергер иеленсе, күміс Энджел Дэйлманға бұйырды.
Еске алсақ жерлесіміз Инцель қаласында (Германия) конькимен жүгіру спортынан өткен Әлем Кубогінде 1000 метр қашықтықта алдына жан салмай, 1:17:98 секундта мәреге бірінші болып жетіп, жасөспірімдер кезеңінде алтын медаль жеңіп алған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы