Алимент төлемегендердің жауапкершілігі: 175 айыппұл және 38 қылмыстық іс қозғалды
Қостанай облысының прокуратурасы балалардың алимент алу құқығын қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Прокурорлық ден қою және үйлестіру шаралары арқылы жыл басынан бері кәмелетке толмаған баланы асырау үшін алимент төлеуден жалтарғаны үшін 175 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 38 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4 адам бас бостандығынан айырылды.
Мәселен, Рудный қаласының прокуратурасымен азамат К мүгедек баласына 2,1 миллион теңге көлемінде алимент төлеуден қасақана жалтарғаны анықталды.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, борышкер сот үкімімен бас бостандығынан айырылды.
Басқа жағдайда, Лисаков қаласының тұрғыны алиментті өтеу есебіне қылмыстық жауапкершілікке тартылғаннан кейін 2 бір бөлмелі пәтерді тапсырды.
Сол сияқты тағы 4 борышкер алимент өндіріп алушыларға тұрғын үй құқығын берді.
Қабылданған қадағалау актілерімен 210 баланың пайдасына 240 млн теңгеден астам сомаға алимент бойынша берешек өтелді, балаларды асырауға алименттерді уақтылы және толық өндіріп алу жөніндегі жұмыстың жеткіліксіздігі үшін 18 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, Беймбет Майлин аудандық прокуратурасымен жеке сот орындаушысының 3 айдан астам алимент бойынша берешегі бар 100 борышкерге қатысты шара қолданбау фактілері анықталды.
Қадағалау актісі бойынша сот орындаушысы лицензиясынан айырылды, оның атқарушылық іс жүргізуі басқа тұлғаға берілді, оларға 110 балаға ай сайынғы төлемдер жедел қамтамасыз етілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.