12 Желтоқсан 2023 2023, 19:16 Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Алимент төлемеген 28 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысында алимент төлемеген 28 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысында алимент төлемеген 28 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша алимент төлемейтіндерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жандандырды.

Прокуратураның үйлестіру шараларымен алимент төлеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын 28 борышкерге қатысты қылмыстық істер тіркелді, оның ішінде 8 борышкер бойынша айыптау үкімдері шығарылды. Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде тағы 5 қылмыстық іс бар, - деді Ақмола облысының прокуратурасы.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы бойынша алимент өндіріп алу туралы сот шешімін орындамағаны үшін 100-ден астам борышкерлер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ, Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 600 млн тенгеден астам алимент бойынша қарыз өтелді.