Әлихан Смайылов Премьер-министрдің бірінші орынбасары болды
Астана, BAQ.KZ. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы ҚР Коституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.
Қаржы және бюджет бойынша Мәжілістің Комитет отырыс өтті. Жиын барысында Әлихан Смайыловтың кандидатурасын Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі лауазымына тағайындауға шешім қабылданды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінде хабарланды.
Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993-1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.
1999-2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2003-2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
2006-2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті.
2009-2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2014-2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.
2015 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.