Алик Шпекбаев үрей мен қорқынышқа бой алдырған адамдар жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрес қажетті нәтиже бермеді және тек жазалау шараларын шексіздендіруге алып келді. Алайда, әлі де "Сталиндік әдістерді" қайта жаңғырту керек деген пікірлер бар. Бұл тұрғыда біз қорқыныш ұялатуымыз керек деген "қате ұстаным" кездеседі. Бұл туралы Агенттіктің алқа отырысында ведомство басшысы Алик Шпекбаев айтты.
Мен бізді жаппай үрейлендіруге шақыратындардың бәріне американдық ақын Роберт Фросттың "Мен қорқынышқа бой алдырған адамдардан басқа ешкімнен қорықпаймын" деген сөзімен жауап беретін едім. Парасатты және белсенді қоғамды сындарлы диалог пен тиімді әріптестік негізінде ғана қалыптастыруға болатынына сенімдімін, – деп мәлімдеді Алик Шпекбаев.
Сонымен қатар, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде азаматтарды қабылдаудың жаңа кестесі енгізілгенін хабарлады.
Агенттік төрағасының азаматтарды қабылдауы ай сайынғы жиіліктен апта сайынға өзгерді. Ал орынбасарлары мен департамент басшылары азаматтарды күн сайын қабылдайды. Жаңа қабылдау кестесі бекітілгеннен кейін өтініш білдіргендер саны 3 есеге артты, - деді спикер.Алик Шпекбаев азаматтардың "қарапайым кеңес алуға" мұқтаждығын назарға алды.
Төраға жоғары оқу орындарымен және Қазақстан заңгерлер одағымен бірлесіп, заң факультетінің жоғарғы курс студенттерін және азаматтық белсенділер қатарынан тәжірибелі құқықтанушыларды азаматтарға құқықтық кеңес беру жұмысына кеңінен тарту мәселесін пысықтауды жүктеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы