Алик Шпекбаев қазақстандықтарды Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Құрметті отандастар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын! Мамыр айында бірнеше мерекенің қатар келуі - біз үшін бірліктің, Отанның және Жеңістің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Бүгінде біз батырлардың білегімен, бабалардың тілегімен байтақ елдің иесі атандық,-деді ол.
Сонымен қатар, ол бірлік пен ынтымақты  тәуелсіздік тұтқасына айналдырған еліміз үшін Отан ең қастерлі ұғым екенін жеткізді. 
Қазақ халқы "Отан оттан да ыстық" деп бекер айтпаған. Еліміздің тыныштығын тәулік бойы күзететін Отан қорғаушылардың еңбегі мен ерлігінің арқасында халық бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруде. Ата-бабамыз бағзы заманнан Отаны үшін кеудесін оққа тосқан. Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының қаһармандығы мен ерен ерлігі осының айқын дәлелі. Біз Ұлы Отан соғысындағы әкелеріміздің ерлігі мен аналарымыздың еңбегін мәңгі жадымызда сақтаймыз. Бұл күн біз үшін ең қастерлі әрі қасиетті күн болуы тиіс. Отан қорғауға үлес қосу, оның биік абыройын асқақтату – барша қазақстандықтың міндеті. Ержүрек ерлердің жауынгерлік даңқты істері талай дастанға арқау болатыны сөзсіз. Баршаңызға береке-бірлік, татулық пен тыныштық тілеймін!,-деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы