Әлихан Смайылов «Жасыл Астана» жалпықалалық сенбілікке қатысты
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет Аппаратының қызметкерлерімен бірге «Жасыл Астана» жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлы Дала даңғылының бойына жағалай жасыл желек, оның ішінде қарағай, балқарағай, қайың, қарақат сияқты 120-ға жуық көшет егілді.
Сондай-ақ бүгін елордада мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар ұжымдары және қала тұрғындары іргелес аумақтар мен су жағалауларын тазалап, ағаш екті.
Айта кетейік, Астанада 6 мамырға дейін дәстүрлі экологиялық шара аясында сенбіліктер мен басқа да «жасыл» акциялар легі жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы