Әлихан Смайылов Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлихан Смайылов Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қызылорда облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу келді. Өңірде олар облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. 

Әлихан Смайылов мәслихат депутаттарына ҚР Президентінің Қызылорда облысының әкімі лауазымына Нұрлыбек Нәлібаевты тағайындау жөніндегі ұсынысын жеткізді. 

Депутаттар ұсынылған кандидатураны қолдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы