Әлихан Смайылов ҚР ТЖМ-нің жаңа басшысын таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Сырым Шәріпхановты таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлихан Смайылов ведомствоның алдында азаматтық қорғау саласындағы Мемлекет басшысы мен Үкімет белгілеген бірқатар маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Бұл ретте қазіргі уақытта Абай облысындағы ірі табиғи өртті оқшаулау және жою аса маңызды.

Сонымен қатар Премьер-Министр мұндай жағдайлардың алу үшін арнайы шараларды орындау деңгейін арттыру маңызды екенін айтты.

Сіз бүкіл процесті үйлестіріп отыруыңыз керек. Бұл ірі өрттердің алдын алу және су тасқыны мәселелеріне де қатысты. Біз осындай ірі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдап отыруымыз керек. Азаматтық қорғау органдарының жұмысы мен жылдамдығына көп нәрсе байланысты, — деді Әлихан Смайылов.

Сырым Шәріпханов 1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазан жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін (1991 ж.), Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын (2002 ж.) және сол оқу орнының адъюнктурасын (2005 ж.), «Көкше» академиясын (2015 ж.) және РФ ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясын (2018 ж.) бітірген.

Әр жылдары Жамбыл облысының Азаматтық қорғаныс штабында, Жамбыл облыстық ТЖ басқармасының дайындық және оқыту орталығында, Республикалық дайындық және оқыту орталығында және ҚР ТЖ агенттігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер департаментінде жауапты қызметтер атқарды.

2002-2005 жылдары – ТЖ агенттігінің Алматы қалалық ТЖ басқармасының даярлау және оқыту бөлім-орталығы бастығының орынбасары.

2005-2008 жылдары – Алматы қаласындағы ТЖД аумақтар мен халықты қорғау бөлімінің бастығы.

2008-2010 жылдары – Алматы қаласындағы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

2010 жылдан 2013 жылға дейін ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты бастығының орынбасары, ал 2013 жылдан 2021 жылға дейін осы мекеменің басшысы болды.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын басқарды.

2016 жылы II дәрежедегі «Айбын» орденімен марапатталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет
Өзгелердің жаңалығы