Әлихан Смайылов министрліктерге бұқаралық спортты дамыту үшін тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында  Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті. 

Оның айтуынша, бұқаралық спортқа бағытталған қаржының 4,9 млрд теңгесі спорттық инфрақұрылымдарды салуға және жөндеуге бөлінген. 

Өткен жылы елімізде 41 дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылса, оның 32-і аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде пайдалануға берілді. Ауылдарды спорт нұсқаушыларымен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тауып келеді. Тек 2021 жылдың өзінде 1833 ауылда спорт нұсқаушысы деген штаттық лауазым енгізілді. 2025-ші жылы әрбір ауылда спорттық шаралар мен секцияларды ұйымдастыруға жауапты жаттықтырушы немесе нұсқаушы болады, - деп атап өтті Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар Үкімет басшысы саланы дамыту үшін бірқатар тапсырмалар берді. 

Мәдениет және спорт министрлігі Білім министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу арқылы балаларды тегін спорттық секциялармен қамтуды ұлғайтсын.

Мәдениет және спорт министрлігі Білім министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 шілдеге дейін спорттық инфрақұрылым жоқ елдімекендерде оларды салу жоспарын қабылдасын.

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық экономика, Ақпарат министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ауру-сырқаудың алдын алу шараларын насихаттауды күшейтсін, - деді Премьер-министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы