Әлихан Смайылов көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге не көмектесетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Үкіметтің онлайн өткен отырысында айтты.

Бүгінгі күні ұсынылған декларациялардың санын ескерсек, декларациялау жақсы қарқынмен жүзеге асырылып жатыр десек болады. Декларация тапсыру үшін қажетті инфрақұрылым мен сервистерді қамтамасыз ету бойынша уақытылы шаралар қабылданды. Мемлекеттік кірістер органдарының кең ауқымды түсіндіру жұмыстары мен азаматтардың неғұрлым дайындалған санаттарының бірінші кезеңге қатысуы маңызды рөл атқарды, - деді Смайылов.

Әлихан Смайылов бұл үлкен жұмыстың бастамасы ғана екенін айтты.

Өткен жылы жалпыға бірдей декларацияға көшу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Мемлекеттік органдар өздерінің ақпараттық жүйелерінің интеграциялауға техникалық дайындығы бойынша кідірістерге жол бермей, жоспарға сәйкес үйлестірілген жұмысты жандандыруы қажет. Жоспарға сәйкес жұмысты атқару керек. Қорытындылай келе жалпыға бірдей декларациялауды сәтті енгізу көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы