Әлихан Смайылов басты проблеманы атады

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Парламент палаталарының бірлескен отырысында бюджеттің атқарылуына қатысты есеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бюджет қаражатын пайдалану кезінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер Парламенттің екі палатасы комитеттерінің жұмыс топтары мен отырыстарында жан-жақты зерделенді, - деді Смайылов.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы негізгі мәселелерге тоқталып өтті.

Басты проблема – бюджеттің тұрақты тапшылығы. Соңғы жылдары шығыстар едәуір өсіп келеді. Бұл ретте мұнайға қатысты емес кірістер шығыстардың 50%-ға жуығын қамтамасыз етіп отыр. Қалған бөлігі негізінен Ұлттық қордың трансферттері және қарыздарды тарту есебінен өтеледі. Сондықтан тапшылықты ұстап тұру жеткіліксіз. Ол үшін тапшылығы жоқ бюджетті қалыптастыратын ұзақ мерзімді жоспар қажет, - деді ол.

Смайылов атап өткендей, Ұлттық қорды басқару жөніндегі нормативтік құқықтық база тұрақтылықты қажет етеді. 

Олай болмаған жағдайда Мемлекет басшысының Ұлттық қордың валюталық активтерін 2030 жылға қарай $100 млрд дейін ұлғайту жөніндегі мақсатына қол жеткізбеу тәуекелі жоғары екенін көріп отырмыз, - деп түсіндірді еліміздің бас аудиторы бірлескен отырыста.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы