Әлихан Смайылов балаларының қандай мектепте оқитынын айтты
Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер Премьер-министрден: «Елдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласына сенесіз бе?» деп сұрады.
Иә, елдегі білім беруге де, денсаулық сақтау саласына да сенемін. Отбасыммен осында, Қазақстанда емделеміз. Өзім әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып, білім алдым. Балаларым Астанадағы мемлекеттік мектептерде оқып жүр, - деп жауап берді Үкімет басшысы Мәжілістің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Әлихан Смайылов республикадағы әйелдер қауымының зейнетақы жасына байланысты түсініктеме берген болатын. Айтуынша, қазақстандық әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып сақталады. Премьер-министр осы 5 жыл ішінде біз денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруіміз, халықтың өмір сүру жасын ұзартылу жұмыстары жасалады деп отыр. Ол үшін ауылдағы медицинаны жақсартып, аудандардағы медициналық емханаларды жаңғыртылып, көпбейінді ауруханалар салынады.