Әлихан Смайылов бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде айтты

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысының активімен кездесу барысында Әлихан Смайылов әкімдіктің алдында өңірді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту, оның ішінде ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын және басқа да стратегиялық құжаттарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде міндеттер тұрғанын атап өтті. 

 Алдағы жылдары әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй-коммуналдық, энергетикалық және ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, жергілікті жолдардың сапасын арттыру және т. б. шаралар жүзеге асырылмақ. 

9,5 мың оқушыға арналған 13 жаңа мектеп  және 30 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны  ашылады, сондай-ақ  3 аудандық аурухана  жаңғыртылады. 

 2021 жылдан бастап  коронавирус инфекциясына қарсы отандық QazVac вакцинасын шығаратын биофармацевтикалық зауыттың екінші кезеңінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

«Облыс әкімі азаматтардың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру жөніндегі барлық жоспарлардың тиімді іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс», - деп атап өтті Премьер-Министр. 

Сондай-ақ Әлихан Смайылов өңір басшылығы отандық азық-түлік өнімдерін өндіруді ұлғайту және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты бақылауда ұстауы керек екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы