Әлихан Смайылов Алматы облысына барады

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдегі жағдаймен танысу және жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылау үшін жұмыс сапарымен Алматы облысына барады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Үкімет басшысы бірқатар аграрлық және өнеркәсіптік кәсіпорында болып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу өткізеді, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы мен қалалық ЖЭО жұмысын тексереді. 

Бұдан басқа, Әлихан Смайыловқа облыс орталығын одан әрі дамыту, «G4 City» жобасын іске асыру, сондай-ақ жаңа тұрғын үй салу жоспарлары ұсынылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы