Әлихан Бәймен ұлттық ойындардың ерекшелігін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәймен  Facebook парақшасында мәлім етті. 

Оның айтуынша, баланың ойыны асықтан дананың ойыны тоғызқұмалаққа дейін барша ұлттық ойын , сайыс түрлері мәдени мұраның құрамдас бөлігі. 

Әлемдегі ұлттық интеллектуалдық ойындар ішінде тоғызқұмалақ ойнау  күрделілігі мен ереже қарапайымдығын ұштастырған, ғасырлар бойы жетілген ойын түріне жатады. Сондықтан да тоғызқұмалақ - ұлтымыздың әлемдік мәдени қазынаға қосқан үлесінің жарқын үлгісі.Әр заман тоғызқұмалақ зияткерлер күш сынасатын сайыс та, бала мен жастың бойында зерде, зейін, іждахат, табандылық секілді қасиеттерін дамыту құралы да болып келді, - дейді ол.

Сонымен қатар Әлихан Бәймен тоғызқұмалақ ойынының кеңес дәуіріндеде ұйымдастырылып, сол кездеде қоғам ортасында өз маңызын жоймағанын  сөз етті. 

Ұлы Абайдың өзі де ойнап, жарыс та ұйымдастырып, маңайында мектеп ұйымдастыруы, өшіп  бара жатқан мұраны жандандырып, кеңес дәуірінде алғаш сайыстар ұйымдастырған зиялы қауымның белортасында Мұхтар Әуезовтің жүруі де көп жәйтті аңғартады, - дейді тоғызқұмалақ федерациясының президенті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы