Әлиев пен Пашинян Трампты Нобель сыйлығына ұсынбақ
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян АҚШ президенті Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастамасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ C-SPAN телеарнасына сілтеме жасап.
Премьер-министр Пашинян екеуміз Нобель комитетіне Дональд Трампқа бейбітшілік сыйлығын беру туралы бірлескен үндеу жолдауға дайынбыз, — деді Әлиев Ақ үйде журналистерге.
Сондай-ақ, екі ел басшысы Трамп марапатқа ие болған жағдайда шақыру алғысы келетінін айтты.
Бұл мәлімдеме Пашинян мен Әлиевтің қақтығысты бейбіт жолмен шешу және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға қол қоюынан кейін жасалды. Кездесу барысында АҚШ Әзербайжанға қатысты әскери ынтымақтастыққа қойылған шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеді.
Айта кетсек, бұған дейін Дональд Трампты Нобель сыйлығына бірнеше ел мен саясаткер ұсынған. 2024 жылдың соңында Камбоджа премьер-министрі Хун Манет, Израиль басшысы Беньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Беларусь президенті Александр Лукашенко да бұл бастаманы қолдаған еді.