Әлібек Асқар: Жетілдірілген әліпби нұсқасы UNICODE жүйесіне де сәйкес келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-министр Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді.
Жаңартылған латын графикасына қатысты «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, жазушы Әлібек Асқар пікір білдірді.
Жетілдірілген әліпби нұсқасы Халықаралық фонетикалық әліпби базасына толық сәйкес келеді. Аталған халықаралық әліпбиде 107 символ–әріп және 52 диакритикалық белгі бар. Әліпби нұсқасына осы базалық әріптер мен белгілер алынды. Сонымен бірге қазақ тіліне арналған Халықаралық фонетикалық әліпби кестесі дайындалған. Латыннегізді қазақ әліпбиі мен осы халықаралық әліпбидің ғылыми принциптері өзара сәйкес. Жетілдірілген әліпби нұсқасы осы нұсқаға да сәйкес келеді. Қазақ тіліне тән ә, ғ, ө, ү, ұ, і сияқты ерекше дыбыстарды таңбалауда умлаут (ä, ö, ü), бревис (ğ), макрон (ū), седиль (ş) сияқты диакритикалық белгілер қолданылды. Бұл диакритикалық белгілер түрік, әзербайжан, түркімен, венгр, неміс, швед, фин және басқа тілдерде кеңінен қолданылады. Жетілдірілген әліпби нұсқасы UNICODE жүйесіне де толық сәйкес. Әліпбидің осындай ерекшеліктері оның халықаралық кеңістіктегі танымалдылығын және ІТ жүйелеріне сәйкестігін көрсетеді, – деді Әлібек Асқар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Украина Түркияның Bayraktar TB2 дронын алатын болды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы