Қазақстандық компаниялардың Alibaba.com-да сауда істеу мүмкіндігі бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграциялар министрлігі «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп, 2020 жылғы 7 және 8 қазанда Alibaba.com интернет-платформасында өзінің тауарларын ұсынуға ниетті қазақстандық компаниялар үшін оқытатын екі вебинарды жүргізуде. Вебинар қатысушыларының жалпы саны 150 компаниядан асады.
Министрлік интернет-платформаларда бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерге жоғарылау бойынша тікелей қолдау көрсетуде. Alibaba.com – әлемдегі ірі В2В-алаңы, ол бүкіл әлем бойынша импортерлар мен экспортерларға бизнес-ақпаратпен алмасуға және көтерме мәмілелерді жасасуға мүмкіндік береді.
Жүргізілген іс-шараның мақсаты – қазақстандық кәсіпкерлерге әлемдік нарықтарға отандық өндірушілердің тауарларын экспорттау үшін ірі В2В платформасын қалай пайдалануға болатынын көрсету. Электрондық коммерция шекараларды өшіріп тастады және трансшекаралық сауда процесін арзандатты, бұл әсіресе коронавирус дағдарысы кезеңінде өзекті.
Іс-шараны бастауды Қазақстан Республикасының Сауда және интеграциялар вице-министрі А. Асқарұлына берілді. Сондай-ақ вебинарда 50 қазақстандық компанияны Alibaba.com интернет-платформасына шығару бойынша бағдарламаның екінші кезеңінің басталғаны туралы хабарланды. Бірінші кезеңнің компанияларын ескере отырып, алаңда қазақстандық компаниялардың жалпы саны 100-ге жетеді. Alibaba.com отандық компаниялардың өсуімен платформада Қазақстанның павильоны құрылатын болады.
Қазақстандағы бағдарлама операторы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ болып табылады. Өтінімдерді онлайн-қабылдау export.gov.kz порталында ашық. Өтінімдер 17 қазанды қоса алғанға дейін қабылданатын болады.
Alibaba.com интернет-платформасына қазақстандық компанияларды шығаруға байланысты барлық мәселелер бойынша export.gov.kz порталына немесе +7 778 995 98 62 және +7 776 111 80 82 телефондар бойынша жүгінуді сұраймыз.