"Әлі жауап бермей отыр". Экология министрі БҚО-ға құлайтын Ресейдің зымырандары жөнінде айтты

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Бөкей ордасы ауданына құлайтын ресейлік зымырандарға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист "Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасына құлайтын Ресей зымырандарына қатысты Экология министрлігіне сауал жолдаған едім. Сіздердің министрліктеріңіз экология заңнамасының бұзылып отырғанын растады. Бірнеше рет Ресей тарапына хат жолдаған екенсіздер. Бірақ әлі де жауап жоқ. Неліктен бұлай болып отыр?" деп сұрақ қойды.

Біз Қорғаныс министрлігіне хат жолдадық. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда "Ресей тарапынан әлі жауапты алмадық" деген хабар алдық. Басқа қосарым жоқ. Аталған сұрақ біздің министрлікке қарасты емес, - деді Экология министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив
Өзгелердің жаңалығы