«Әлі танымайтындар бар». Ноғаев Маңғыстаудағы туризм мардымсыз дамып жатқанын айтты

Маңғыстау облысының туризмі әлі де мардымсыз. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі әкімге «Жалпы Маңғыстау облысының табысының басым бөлігі - мұнай мен газ. Туриз саласынан өңірге түсетін пайда қаншалықты үлеске ие?» деп сұрақ қойды.

Әзірге мардымсыз. Бұл біздің туризм саласының алғашқы қадамдары. Біздің облысты әлі де танмайтын елдер бар, - деді Ноғаев ОКҚ-да өткен брифигте.

Сондай-ақ әкім өңірдегі туризмнің үлесіне тоқталды.

Туризм саласындағы қызметтер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайып, 4,8 миллиард теңгеге жетті, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы