Әли Рустам Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Әли Рустам Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әли Рустам Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әли Рустам 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған.
2006-2011 жылдары аталған басылымда тілші, редактор және бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2011-2012 жылдары «Жетісу жастары» жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры болды.
2012 жылы Алматы облыстық Жастар саясаты орталығының директоры қызметін атқарды. Сол жылы Алматы облысындағы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
2012-2016 жылдары Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында бөлім басшысы, кейін басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2016-2020 жылдары Алматы облысының ішкі саясат басқармасын басқарды.
2020-2021 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.
2021-2022 жылдары Алматы облысындағы Ескелді ауданының әкімі қызметін атқарды.
2022-2023 жылдары Жетісу облысы әкімінің орынбасары болды.
2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.