«Әлі дамыта алмай келеміз». Смайылов жол бойындағы сервис туралы айтты

Жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Жол бойындағы сервис бойынша сұрақтар бар. Мәселен Батыс Еуропа – Батыс Қытай   транзиттік дәлізінің іске қосылғанына 5 жылдан асса да, жол бойындағы сервисті әлі күнге дейін дамыта алмай келеміз. Бұл туралы бірнеше рет айтылды, тиісті тапсырмалар берілді,   бірақ өзгерген ештеңе жоқ. Халықаралық жолдар мен ішкі маршруттардың бәрінде де  осындай жағдай, - деді Премьер-министр.

Смайыловтың сөзінше, сервис объектілері үшін жол бойынан жер учаскесін беруді әкімдіктер созып жіберді.

Осыған байланысты инфрақұрылымның дамуы тоқтап тұр. Оның үстіне, біз Ұлттық стандартты баяғыда қабылдап қойдық. Онда жол бойындағы сервис объектілері мен   көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар белгіленген. Бұл қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік берер еді. Алайда сервис объектілерінің көбі біздің стандартқа сәйкес келмейді, - деді Үкімет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкімет баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы