Әли Әлиев "Жеңіс" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы бас бапкері Әли Әлиев елордалық "Жеңіс" футбол клубының бас бапкері қызметіне кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Клубтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 45 жастағы маманмен бір жыл мерзімге келісімшарт жасалған.
"Жеңіс" клубында жаңа бас бапкердің мол тәжірибесін, тактикалық дайындығын және амбициясын атап өтіп, команда оның жетекшілігімен табысты ойын көрсетіп, алға жылжиды деп үміттенетінін жеткізді. Сондай-ақ клуб өкілдері бірлескен жұмыс қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және жаңа маусымда жанкүйерлерді нәтижемен қуантуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Біз бапкерімізбен бірге жаңа сын-қатерлерді еңсеруге және жанкүйерлерді жарқын жеңістермен қуантуды мақсат етеміз! — делінген клубтың жазбасында.
Айта кетейік, Әли Әлиев бұған дейін де "Жеңіс" клубын басқарған. 2025 жылы ол Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды, алайда Бельгиядан жеңілгеннен кейін отставкаға кеткен еді.