Алғыс айту күні бір күнмен шектелмейді — Максим Рожин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғыс айту мен жақсылық жасау бір күнмен шектелмейді. Алғысты да, жақсылықты да күнделікті жасауымызға болады деп жазды Facebook-тегі парақшасында Максим Рожин.
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мен үшін бұл күн ерекше. Алғыс айту күні бір күнмен шектелмейді. Жақсылық жасау да бір күнмен шектелмейді. Алғысты да, жақсылықты да күнделікті жасауымызға болады. Осы күні мен отбасымда болған жылы естеліктерді еске аламын. Сол үшін алғыс айтамын. Менің отбасым Орталық Азияға 1936 жылы келген. Өзім нағашылардың қолында тәрбиеленгенмін. Сондықтан нағашыларымның тарихын өте жақсы білемін. Менің нағашы әжем 1936 жылы бала кезінде Ресейдегі Саратовтың маңайындағы ауылдан Қазалы қаласына көшіп келген.Сол кездегі қиын шақта әжесі мен оның інісі қазалылық отбасының балаларымен бірге өскенін айтады.
Бертінге дейін қазақ елінің осы жақсылығын маған айтып жүрді. Ол кісі 90-ға келіп өмірден өтті. Бірақ үнемі «мені өсірген, аман алып қалған Қазалы» деп айтып отыратын, - деп еске алды Максим Рожин.
Максим Рожин мұндай дүниелер ұмытылмайтынын айтып, Қазалы жұртына алғысын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТЖД қызметкерлері аммиак төгілген нысандағы «апатты» жойды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы