Алғашқы алтын. Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы топ жарды

Азиададағы алғашқы алтын. шорт-тректен ерлер командасы қысқы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы қысқы Азия ойындарында (Харбин, Қытай) шорт-тректен ерлер командасы алғашқы алтын ел қоржынына салды. 

Азиада финалында ел намысын Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметовтер қорғаған.

Айта кетейік, бұл Қазақстан шорт-трегі тарихына Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы