Алғаш рет жас ақын-жазушыларға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі

Тұңғыш рет қазақстандық жас ақын-жазушыларға президенттік арнаулы әдеби сыйлық жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өтінімдер "Проза", "Поэзия", "Драматургия", "Балалар әдебиеті" номинациялары бойынша 30 маусымға дейін қабылданады. 

Ұсынылатын жұмыстар халықаралық, ұлттық байқауларға қатыспаған болуы керек. 

Қабылданатын құжаттар: 

1. Үміткердің президенттік сыйлық алуға өтінім; 

2. Жеке куәлігінің көшірмесі; 

3. Қазақстан Жазушылар одағынан шығармашылық мінездеме; 

4. Үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (бар болса); 

5. банктік шоттың анықтамасы көшірмесі; 

Әр номинацияның жеңімпазына арнайы төсбелгі мен 4 млн теңге қаржылай сыйлық беріледі. Құжаттар «Министрліктер үйінде» , Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша 15 кіреберісте қабылданады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ
Өзгелердің жаңалығы