Алғабастағы өрттен зардап шеккендердің бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

Жетісай ауданына қарасты Алғабастағы өрт кезінде зардап шеккен ер адам ТЖМ тікұшағымен Шымкентке жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облыстық ауруханасы Шымкент қаласында орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан тасымалдау қажет болды. Қазавиақұтқару" авиациялық қызметінің борт нөмірі EC 145 тікұшақ экипажы Түркістан облысының Жетісай ауданынан санитарлық рейс орындап, Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды Шымкентке жеткізді, – деп жазылған Түркістан облыстық ТЖД-ның 2025 жылғы 19 қарашадағы хабарламасында.

Экипаж мәліметінше, тікұшақ жерге қонған соң ер адам арнайы медициналық мамандардың бақылауына тапсырылды. Зардап шеккен адам Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы