"Алға, жігіттер!". GGG отандық боксшыларға Әлем чемпионатында сәттілік тіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі қазақстандық боксшыларға әлем чемпионатында сәттілік тіледі.

"Екатеринбургте басталатын бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшыларға сәттілік тілеймін. Алға, жігіттер!", - деп жазды Головкин Twitter-дегі парақшасында. 

Бұған дейін Екатеринбург қаласында бокстан әлем чемпионатының жеребесі тартылған. Оның қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшылардың бірінші қарсыластары белгілі болды. Жекпе-жектер бүгін басталады. Рингке алдымен 75 және 91 келіде өнер көрсететін боксшылар шығады. 

10 қыркүйекте қазақстандық боксшылар жарысты бастайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы