Бірнеше елде "Алға" мультфильмін көрсетуге тыйым салынды
Алматы, BAQ.KZ. Pixar студиясының "Алға" атты жаңа жобасын бірден бірнеше ел көрсетуге тыйым салды. Басты себеп Спектр есімді кейіпкердің ЛГБТ қозғалысынан хабар беретіні.
Deadline басылымының мәліметінше, аталған жобаға Кувейт, Оман, Катар және Сауд Арабиясы тыйым салған. Әйел полицейдің бір сөзіне бола бұл елдегі балалар мен ересектер жаңа мультфильмді көре алмайтын болды.
Ресейде және орысша нұсқасын көріп жатқан Қазақстанда цензура жоқ десеңіздер қаталесесіздер, өйткені орысша нұсқасында ол сөйлемді басқаша аударып берген. Яғни, көрермендер Спектр атты кейіпкердің бір жынысты екенін түсіне алмай қалады, - делінген таратылған ақпаратта.
Аталған мультфильм Иэн және Барли Лайтфут есімді эльф ағайындылар жайлы. Олар әлемді сиқыр билеген кезде өмір сүреді, алайда заманауи технологияның арқасында бұрынғы ғасырға өтіп кетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Доллар қымбаттады
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы