Әлеуметтік желіге тыйым: Непалдағы наразылық кезінде 19 адам қаза тапты
Непал астанасы Катмандуда және елдің басқа да қалаларында өткен жаппай наразылық акциялары тәртіпсіздікке ұласты. Демонстранттар биліктегі сыбайлас жемқорлыққа және әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы шешімге қарсы шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
The Kathmandu Post дерегінше, қақтығыстар салдарынан кемінде 19 адам қаза тауып, жүздегені жараланды. Зардап шеккендер арасында полиция қызметкерлері де бар.
Қауіпсіздік күштері тәртіпті сақтау үшін көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ және арнайы құралдар қолданған. Қарқынды наразылық орындарында коменданттық сағат енгізіліп, қаладағы маңызды нүктелер күзетке алынды.
Жастар Facebook, X (Twitter) және YouTube секілді әлеуметтік медиа платформаларды бұғаттауға қарсы наразылық білдіруде. Билік аталған шешімді платформалардың ресми тіркелмеуімен түсіндірсе, құқық қорғаушылар оны сөз бостандығын шектеу әрекеті деп бағалады.
Айта кетейік, Непал бұған дейін де әлеуметтік желілерге шектеу қойған. 2023 жылы TikTok-қа уақытша тыйым салынған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақ үй Жоғарғы соттан шетелдік көмекті тоқтатуға рұқсат сұрады
Өзгелердің жаңалығы