Әлеуметтік желідегі жазбаларға мемлекет жауап беруге міндетті емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру" тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстел отырысына қатысқан блогер Яков Федоров айтты.
Мен негізі оптимист едім, қазір скептик бола бастадым. Қазір білім беру бағдарламаларының өзі қажетті қызметтің барлығын орындай алмайды. Меніңше, кез келген мемлекет ауқымды аймақты басқара алмайды. Экологиялық заңнаманы бұзумен жұмысқа қоғамдық бақылауды тарту керек. Заңнамалық тетік қазір бар. Бұл азаматтардың электрондық өтініш беруі. Алайда, олар қолжетімсіз болып отыр. Егер де азамат ауданда болатын болса, ол ЭЦҚ-сымен бірге компьютерге жетуі керек. Бұл көп уақытты қажет етеді. Мемлекеттік органдарға электрондық өтінішті жіберуді мобильдік қосымша немесе шұғыл желіге келетін қоңырауларды мемлекеттік органға келетін өтінімдерге теңестірілуі керек. Себебі әрекет етудің деңгейі әртүрлі болып отыр. Әлеуметтік желідегі жазбаларға мемлекет жауап беруге міндетті емес. Ал заңнама бойынша өтінімге жауап беруге міндетті, - деді ол.
Ол атап өткендей, кез келген гранттық жоба көп адамды тарта алмайды.
Ал көп қаржыны қажет етпейтін тетіктер азаматтық қоғамдық тартуға көп үлесін тигізеді. Азаматтық қоғам бұзушылыққа қоғамдық реттеу жүргізе алады, - деді ол.
Өз кезегінде саясаттанушы Ерлан Сайыров блогерді қолдады.
Оның Алакөл мен Бурабайдан салатын жазбалары менің бойымда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тәрбиелейді. Меніңше, осы сынды азаматтарға мақсатты гранттар бөлу керек. Олар осы қызметті жалғастырулары керек, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
42 500 теңге. 1,7 млн-нан астам қазақстандық алды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы