Әлеуметтік желіде Тоқаевтың 42 жыл бұрын түскен суреті жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суреті пайда болды. 

Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Twitter парақшасында жариялады. 

1979 жыл. Қала маңындағы сенбілік. Қасым-Жомарт Кемелұлы ол кезде КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе болып жұмыс істеген, - деп жазды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы