8 Желтоқсан 2023, 17:28
Фото: Polisia.kz
Әлеуметтік желіде танысқан жігіт қызды қорқытып несие алдырған
Күдікті ізін суытпай ұсталды.
Күдікті ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Policia.kz-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан жас жігіт оған тосын сый уәде етіп, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізгенін айтты. Содан кейін қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, оны онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген. Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жігіт бірнеше сағаттың ішінде қаладағы Арбатта ұсталды . Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты.
Күдікті УҰИ-ға қамалды.
- 50 пайыз пайдаға сеніп, несие алған: Тараздық әйел 2 млн теңгеге жуық қаржысынан айырылды 10:32
- Теңгенің болашағы қандай? Ұлттық банк өкілі маңызды бағыттарды түсіндірді 10:14
- Жылу ақысы қалай есептеледі? Қарашада тұрғындарға неге көп төлем келіп жатыр? 10:02
- Киімнің де цифрлық паспорты болады: Қазақстанда жаңа талап қалай енгізіледі? 09:43
- Қазақстан жерді қалпына келтіру ауқымы бойынша әлемде үшінші орынға шықты 09:28
- Алименттен бастап баспанаға дейін: Ерлан Қошановқа азаматтар қандай мәселелерді жеткізді? 09:09
- Шымкентте жаңадан төселген тротуар опырылып, бойжеткен шұңқырға құлап кетті 08:59