Әлеуметтік желіде суицидке итермелейтін топ ұйымдастырған азамат ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминальдық полиция департаментінің басқарма басшысы Уайс Ерекеш Ішкі істер министрлігінің балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында өткен брифингте айтты.
Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны интернет желісінде суицидтік сипаттағы топ ұйымдастырғаны үшін ұсталды. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл дерек бойынша алдын алу мақсатында материал интернет-ресурстарда жарияланды, - деді Ерекеш.
Сондай-ақ, ол Ақтау қаласының тұрғыны «Вконтакте» желісінде 13 жастағы қызға интимдік суреттерін жіберуге күштегенін айтты.
Ол азамат кәмелетке толмаған қыз баламен әлеуметтік желіде танысқан. Сурет жіберген соң оны әлеуметтік желілерде тарататынын айтып, қорқыту арқылы өзге суреттерді талап еткен. Тамыз айында Қызылорда қаласының 15 жастағы тұрғыны «Вконтакте» әлеуметтік желісінде балалар порнографиясынан тұратын сурет және бейнематериалдарды таратқан. Жасөспірім өз парақшасында осындай материалдарды сату туралы хабарландыру жариялаған. Сатып алынған порно өнімдеріне ақы төлеу үшін электронды әмиян қолданылды. Қылмыстық іс жауапкершілікке тарту жасына жетпегендіктен тоқтатылды, - деді Уайс Ерекеш.
Жыл басынан бері ішкі істер органдарының бөлімшелері 9,5 мыңнан астам құқыққа қайшы мазмұндағы шетелдік интернет-ресурстарды анықтады.
Оның ішінде:
- экстремистік бағыттағы-6035;
- есірткі қылмыстары желісі бойынша-1007;
- порнографиялық материалдар-2231;
- қаржы пирамидалары және алаяқтық – 66;
- қару – жарақ пен оқ-дәрілерді сату-50;
-қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау (суицид) – 25;
-басқа – 25.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кибержаттығудың сайлауға қатысы жоқ – Руслан Әбдіқалықов
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы