Әлеуметтік жарналар төленбеген: Абай облысында 270 жұмыскердің мәселесі шешілді

Абай облысында Абай ауданының прокуратурасы 270 жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Атап айтқанда, 145 жұмыскердің алдында зейнетақы, әлеуметтік және сақтандыру жарналары бойынша 8 млн теңгеден астам берешек өндіріп алынды.

Аталған берешек жұмыскерлердің еңбек құқықтарымен қатар, олардың денсаулығын қорғау құқығын да шектеген. Осылайша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың болмауына байланысты жұмыскерлер қажетті медициналық көмекті ала алмаған. Мәселен, қараша айында прокуратура аудандағы бір мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында 68 жұмыскердің алдында міндетті зейнетақы жарналары бойынша 1 млн теңгеден астам, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар бойынша 1,5 млн теңгеден астам берешектің барын анықтады. Аудан прокуратурасының ұсынуы негізінде бұл қарыздар толық көлемде өтелді, - деп хабарлады Абай облысының прокуратурасы. 

Прокуратура жұмыс берушілерге жұмыскерлердің еңбек құқықтарын бұзуға жол берілмейтінін ескертіп, зейнетақы, әлеуметтік және сақтандыру қорларына жарналарды уақытылы аударып отыру қажеттігін еске салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы