Әлеуметтік саланың бюджеті қанша? - Вице-премьер жауабы

Бұл жайында Парламенттік комиссияның отырысында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігіне қарасты бюджет 2018 жылы 2,5 трлн теңге болатын болса, бүгінгі таңда 4,5 трлн теңгеге жетіп отыр. Денсаулық сақтау саласына қарастырылған бюджет - 2,5 трлн, екеуін қосатын болсақ, 7 трлн теңге. Егер екі бағытқа әлеуметтік саласыны қоссақ, 10-11 трлн-ға жеткізіп отырмыз. Жалпы, бүгінгі бюджет әлеуметтік мәселеге қарастырылған деп айтуымызға болады, - деді Дүйсенова. 

Вице-премьердің айтуынша, бұл бюджеттің аясында еңбекақы, шәкіртақы және құрылымдық жұмыстар кезең-кезеңмен шешіліп жатқанын айтады.

Әрине, бүкіл мәселені шештік деп айтуға болмайды. Кеше ғана Мемлекет басшысы білім сапасын көтеру жөнінде айтқан болатын. Бүгінгі жиында да көп спикер осы мәселе жөнінде айтты. Медициналық көмекте сапаны көтеру мәселесі де қарастырылды. Дұрыс әрі өзекті мәселер, бастысы сапаға байланысты болуы керек, - деді Дүйсенова.

Ол комиссия отырысында айтылған мәселелердің бәрі мемлекеттік органдармен қаралатынын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы