Әлеуметтік саланы дамыту әрдайым басты назарда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикалық даму стратегиясының негізінде азаматтардың мүддесі болуы қажет екені атап өтілген болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және еліміздің ұзақ мерзімді әлеуметтік-эконмикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған биылғы жылдың маңызды бастамалары мен жетістіктері туралы өз ойларын білдірген сарапшылардың пікірін ұсынбақпыз.
2024 жылы Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген әлеуметтік қайта құру бағытын жалғастырды. Елдің экономикалық стратегиясының негізі - азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Биылғы жыл Қазақстандағы ауқымды өзгерістер жылы болды. Біз әлеуметтік бастамалардың миллиондаған азаматтардың өмірін өзгертіп, елімізді күшті және тұрақты ететінін көреміз, - дейді қоғам қайраткері, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Кирилл Осин.
Ол сондай-ақ атқарылған жұмыстар легінде көрсетіп өтті.
Әлеуметтік қолдау:
2,4 млн адамға зейнетақыны арттыру. Ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылып, шамамен 1,8 млнадамға әсер етті. 845 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту бағдарламаларының арқасында жұмыс тапты.
Тұрғын үй құрылысы:
18 миллион шаршыметр тұрғын үй салынды-1 миллионнан астам отбасытөбесін алды. Тұрғын үйлердің инфрақұрылымын жақсарту, соның ішінде лифттерді ауыстыру және аумақтарды жаңарту.
Денсаулық сақтауды дамыту:
Ауылдық жерлерде 251 медициналық мекеме салынды.
Еріктілер ретінде біз қоғамдағы қарт адамдарға көмектесу қаншалықты маңызды екенін көреміз. Кішкентай, бірақ мағыналы әрекеттер мысалы, қажет нәрселерін сатып алуға көмектесу, дәрі-дәрмектерді жеткізу немесе жай сөйлесудің өзі - олардың күнін жарқын әрі жеңіл ете алатынын білеміз. Бұл әсіресе жалғыздық пен осалдықты сезінетіндер үшін өте маңызды. Біз тек көмек көрсетіп қана қоймай, олардың жалғыз емес екенін, қамқорлық жасай алатынымызды көрсетуіміз керек. Қазақстанда аға ұрпаққа қақамқорлық жасау - бұл біздің күш-жігеріміз ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қолдау екенін сезіндіруіміз қажет. 2024 жылы бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бағытталды,ал зейнетақылар 7-9% - ға ұлғайтылды. Бұл ата-аналарымыз бен ата-әжелеріміздің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам, - дейді "Махабат.KZ" - қарттар мен мүгедектерге көмек көрсету орталығының мамандары.
Еріктілер қарттарды қаржылық жағынан ғана қамтамасыз етіп қоймай сонымен бірге олардың жеке өміріне қатысу да маңызды екенін жеткізді. Өйткені, назар мен қолдау материалдық қолдау мен көмектен де маңызды болатынын айтып өтті.
Әлеуметтік саланы дамыту – басты назарда. Қазақстанда әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жетісу облысында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар – мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың айқын дәлелі, - дейді волонтер, педагог сарапшы Дархан Асқанбаев.
Оның ойынша, бұл – ел игілігі үшін жасалған мемлекеттік бағдарламалардың жемісі.
Ол Үкіметтің қолдауы халықтың әл-ауқатын арттыруға нақты ықпал етіп отырғанын жеткізді.