Әлеуметтік нысандардың құрылысы кешеуілдеп жатыр

Ертіс өңірі Ақсу ауылдық аймағында салынып жатқан бірнеше әлеуметтік нысанның құрылысы кешеуілдеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Бүгінгі таңда Достық ауылдық округіне қарасты Пограничник ауылында федльшерлік-амбулаториялық пункт пен дене шынықтыру кешені бой көтеруде. Қос ғимараттың жоспарда жазылған мерзімнен кеш салынып жатқанына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары көз жеткізді. Халық қалаулылары әлеуметтік нысандардың құрылысы барысымен танысып, жергілікті атқамінерлерге ескерту жасады.

Ауылдық округ әкімі Айгүл Бекбергенованың мәліметінше, фельшерлік пунктті ңқұрылысына 149 млн теңге бөлінген.

Қос нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Бұрынғы фельшерлік-пункттің ғимараты ескірген. Жаңасы салынған соң бір тәулікте 25 қабылдауға қауқарлы болмақ. Сонымен қатар, елді мекендегі барлық көшелерге асфальт төселеді. Жарықтандыру жұмыстары да қатар жүргізіледі. Болашақта саябақ, балалар алаңдарын салсақ деген ой бар, - дейді Айгүл Бекбергенова.

Мәжілісмендерді фельшерлік-акушерлік пункт жобасының қымбаттығы алаңдатты. Оған қоса, жоба негізінде айналасын абаттандыру қарастырылмаған.

Өзге өңірлерде осы тектес нысандарды салуға жұмсалатын қаражат аздау. Біздің ойымызша, жобаны қайта қарау керек. Себебі, медициналық мекеменің айналасы қоршалу керек. Сонымен қатар, құзырлы мекемелер тексеріс үргізсе деген ой бар, - дейді Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай.

Мәжілісмен Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, дене шанықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бір ай бұрын басталған. Дегенмен, тек іргетасы қаланды.

Жобаны жүзеге асыру байқауын «ГрадСтрой» фирмасы жеңіп алған. Бұл кәсіпорын бұған дейін әлеуметтік нысандарды салу және жөндеу бойынша көптеген конкурстарды жеңіп алған. Бүгінде олардың салғырттығы салдарынан кей мемлекеттік мекемелер соттасып жатыр. Оған қоса, құрылыс алаңында осы кәсіпорын өкілдерінің өздері жоқ. Құрылыс жұмыстарын субмердігер атқарып жатыр, - дейді депутат.

Халық қалаулылары жергілікті азаматтардың өтініштеріне де құлақ түрді. Тұрғындардың айтуынша, ауылдағы мектеп жөндеуді қажет етеді. Депутаттар білім беру ошағында болып, едендерінің қирағаны мен кәріз жүйесіндегі ақаулардың барына көз жеткізді.

Мәселені дереу шешу керек. Оқы жылы басталғанға дейін бюджеттік өтініш жолдап, олқылықтардың орнын толтыру қажет, - дейді депутаттар.

Сала мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта 5 млн теңгенің бюджетті көтініші әзір. Қаржы бөлінгеннен кейін жөндеу жұмыстары басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы