Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жылда 1,2%-ға қымбаттаған

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды, жылдық мәнде 1,2% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

  • Сиыр еті – 2523 тг/кг
  • Айран 2,5% – 416 тг/л
  • Сәбіз – 170 тг/кг
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив
Өзгелердің жаңалығы