Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 21%-ға қымбаттаған
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жыл басынан бері 20,7 %-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Статистика бюросының мәліметінше, жылдық мәнде олар 20,2%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6,4 пайыз жоғары.
Өткен апта ішінде не арзандады?
Сәбіз – 0,7%
Қант – 0,2%
Өткен апта ішінде не қымбаттады?
Жұмыртқа, І санат – 1,6%
Пияз – 0,7%
Орамжапырақ – 0,6%
Ел бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2022 жылғы 8 қарашаға/:
Рожки – 294 тг/кг
Сиыр еті, жауырын-төс бөлігі – 2279 тг/кг
Айран 2,5% – 349 тг/литр
Еске сала кетсек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті қарсы алды
Өзгелердің жаңалығы