Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет көрсетілген – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 93 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Бұл портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар портал мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады.
2021 жылы 1 сәуірдегі дерек бойынша 43,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам ОТҚ, 6,5 мыңы – ымдау тілі қызметін, 30,8 мыңы – жеке көмекші қызметін, 12 мыңы – санаторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ портал арқылы 26,4 мың табысы аз отбасы әлеуметтік топтама алуды рәсімдеді, – делінген хабарламада.Бұдан басқа, жыл басынан бері МАБ арқылы телефон нөміріне sms-хабарлама жіберу бойынша оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 5,3 мың құжат проактивті түрде ресімделген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
30-дан астам онлайн-алаяқтыққа қатысы бар Алматы тұрғыны ұсталды
Өзгелердің жаңалығы