Бүгiн 2026, 20:42
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев
Әлеуметтік көмек: Үкімет біржолғы төлемдердің ең төменгі шегін белгіледі
Енді мерекелік және атаулы күндерге берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 2,5 айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы тиіс.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәслихаттардың шешімдері негізінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру жұмысының аралық қорытындыларын шығарды.
Бұл мәселе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралды.
Қазіргі таңда өңірлерде әлеуметтік көмектің түрлері мен көлемі әртүрлі бекітіледі, бұл ең алдымен жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне байланысты. Осыған орай Үкімет біржолғы төлемдердің ең төменгі шегін белгіледі. Енді мерекелік және атаулы күндерге берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 2,5 айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы тиіс. Табысы төмен азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері енді тікелей ең төменгі күнкөріс деңгейімен байланыстырылады. Бұл көрсеткіш республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі. Соған сәйкес күнкөріс деңгейі артқан сайын әлеуметтік көмек көлемі де автоматты түрде ұлғайып отырады, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызмнеті.
Министрліктен мәлім еткендей, әлеуметтік көмектің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оның түрлері, көлемі мен көрсету шарттары кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіріліп, «Е-Собес» ақпараттық жүйесіне енгізілуде.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда АЕК-ті есептеу тәсілі өзгеруі мүмкін екені хабарланды.