Әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек? – 285 мың адамға 27 млрд теңге бөлінді
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 285 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 285 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 53 мың отбасындағы 285,1 мың адамға 27,1 млрд теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 88,8 мың балаға 3,4 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Айта кетейік, қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Еске салайық, бұған дейін көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға 501 млрд теңгеден астам мемлекеттік жәрдемақы төленгені хабарланды.
- Петропавлда ер адам итке қатыгездік көрсетіп, қинап өлтірген 15:30
- Атыраудағы қанды қылмыс: Қайынжұртын өлтірген Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды 15:25
- «Жерлеу концерті» тоқтатылды: Астанадағы жертөледен 65 адам шығарылды 15:12
- Астана – Петропавл жолында автокөлік өртенді: Қаза тапқандар бар 14:54
- «ҚазАгроҚаржы» жарты жылда 250 млрд теңгеден астам сомаға техниканы лизингке берді 14:35
- "Дұрыс емес шешім" – эколог Алматыдағы арықтардың бетонмен жабылуына қарсы шықты 14:17
- Ірі кәсіпорындардың ауаға шығарындылары енді автоматты түрде бақыланады 13:59