Әлеуметтік инспекторлар осал топтың құқықтарын қорғау үшін тексеріс жүргізді

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 50-ден астам тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, Әлеуметтік кодексінің күшіне енуімен осы жылдың 1 шілдесінде елімізде құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіретін мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілген  болатын.

Бір ай ішінде әлеуметтік инспекторлар 53 тексеру жүргізді, оның 40-ы жоспардан тыс және 13-і профилактикалық бақылау шеңберінде болды.

Мемлекеттік бақылаумен: 12 мектеп, жергілікті атқарушы органдардың 6 аудандық бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары, 6 әкімдік, 5 дүкен, 3 сауда орталығы, 3 медициналық-әлеуметтік мекеме, 2 аурухана, 2 банк бөлімшесі, 2 Қазпошта бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 санаторий, 1 университет және т. б. қамтылды.

Мәселен, Қызылорда облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметіне профилактикалық бақылау жүргізді, оның нәтижелері бойынша мүгедектігі бар 7 баланы протездік-ортопедиялық көмекпен уақтылы қамтамасыз етпеу фактілері анықталды.

Аталған фактілер бойынша бөлім басшысына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Профилактикалық бақылау шараларының нәтижесінде мүгедектігі бар 7 баланың құқығы қорғалды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті шағым негізінде Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасы орналасқан ғимаратқа жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде пандустың, тактильді бағыттағыштардың және мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы көрсеткіштердің болмауы секілді бұзушылықтар анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша ШҚО Адвокаттар алқасының басшысына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым берілді, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік инспекторларды енгізу халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын уақтылы қорғап қана қоймай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етпек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Өзгелердің жаңалығы