Әлеуметтік азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландыру көлемі 140 млрд теңгеге жеткізіледі – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Сауда және интеграция вице-министрі Ерлан Баттақов Үкімет отырысында айтты. 

Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында республикалық және өңірлік деңгейлерде шаралар қабылдануда.Осылайша, елімізде 1,3 млн тонна азық-түлік тауарларының қоры бар, бұл халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады, - деді ол. 

Оның айтуынша, бағаның негізсіз өсуіне және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін республикалық және жергілікті атқарушы органдар дүкендердің сауда үстемесін сақтауы бойынша тұрақты тексерулер жүргізеді.

«Айналым схемасы» шеңберінде сатып алуды қаржыландыруды 54,6-дан 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Ал тұрақтандыру қорларын есепке алатын болса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгеге дейін жеткізілетін болады, - деді Баттақов. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы